Астанада ұлттық асүй мейрамханаларында қызмет сапасы артқан
Астанадағы ұлттық мейрамханаларда қызмет көрсету сапасы әлдеқайда жоғарылаған.
Ас мәзірі де сан алуан.
Бұл елордаға келген отандық және шетелдік көп туристің айтуы. Сұраныс болған соң даму да бар, дейді кәсіпкерлер.
Астана көпшілік үшін көздің жауын алар зәулім ғимараттарымен ғана емес, ұлттық асханасымен де ерекше. Бас шаһарда этно-стильдегі тамақтану орны аз емес. Мұндағы мейрамханаларда ас мәзірі бай, қызмет көрсету сапасы жоғары. Тұтынушының талабынан шығу үшін кәсіпкерлер арасында өзара бәсеке бары байқалады.
Нұргүл Серікханқызы, мейрамхананың басқарушы директоры:
- Біз қазақи қонайжайлылығымызды көрсетіп, келген әр мейманымызды кіреберістен күтіп аламыз. Өзі таңдаған орнына жайғастырып, арнайы даяшы бекітеміз. Бұл арқылы әр берілген тапсырысты уақтылы орындап, сәйкесінше қонақтардың ризашылығын аламыз. Ал ас мәзіріне келер болсақ, сан алуан. Оның ішінде бәйтерек, жаужүрек, бөдене сорпасы, батыр борша, жілік майы деген тағамдар кіреді.
Тамақтану орындарында әр тұтынушының көңілінен шығу үшін бар жағдай жасалған. Әсіресе ұлттық асханасы бар дәмханалар мен мейрамханаларда аңғаруға болады.
БЛИЦ:
- Астанаға қонақ ретінде келіп жатырмын. Бүкіл мейрамханада тағамдары өте керемет. Майлы да, майсыз да тамақтар бар. Бәрі дәмді өте жақсы. Ұнап жатыр. Сервис жағы өте жоғары деңгейде.
- Әрине Астанада қазір осындай қазақи ресторан көп. Сервис өте жақсы.
- 10 деген бағаны беремін. Себебі өте дәмді.
Дәмді әрі құнарлы, ағзаға пайдалы дәрумені көп. Қазақтың ақ дастарханын осылай сипаттауға болады. Шетелдік асханалардан артық болмаса, кемі жоқ.
Вероника Нұрпейісова, ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығының төрағасы:
- 10 жыл бұрынғы қызмет көрсету сапасы мен қазіргі сервис деңгейінің арасы жер мен аспан іспетті. Құрт дегеніміз не? Бұл қазақтың пармизаны. Чизкейк дегеніміз не? Бұл талқан аралас балқаймақ. Балық етінен жасалған асты "фишбармақ" деп атап жатыр. Бұл өте керемет. Жаңашылдықтан қорықпау керек.
Қазір рестораторлар майлы ұлттық асты әлемдік талапқа бейімдеп жатыр. Қоғамдық тамақтану қауымдастығы аспаздар мен кез келген адамның жаңа идеясы, ұсынысы болса әркез қабылдауға дайын.
Мирлан Алтынбек, Ерлан Наурызбаев, Наурызбай Құрманғазы