Уран өндірісі артып келеді
Ресейге қарсы санкциялар "Қазатомөнеркәсіп" компаниялар тобының қызметіне айтарлықтай әсер еткен жоқ.
Бұл туралы есептік брифингте Ұлттық компанияның Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов хабарлады. Сондай-ақ ол Қазақстан уран экспортының негізгі бағыты Санкт-Петербург портын штаттық режимде пайдаланып жатқанын атап өтті. "Осы бағыт бойынша дайын өнімді жеткізуге байланысты ешқандай шектеулер байқалмайды", - деді ол. Биылғы бірінші жартыжылдықта уран өндірісінің көлемі 10 мың тоннадан асты. Тиісті көрсеткішті былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 2% құрады.
Ержан Мұқанов, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы:
- Биылғы бірінші жартыжылдықтағы қаржылық көрсеткіштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ке артып, шамамен 619 млрд теңгені құрады. Осылайша компания экономикалық тиімділігін төмендетпей, өндіріс қуатын сақтап қалды.