Кәсіпорындарға өңдеу өнеркәсібі жөнінен тың идеялар ұсынылды

Бүгін елордада түрлі бизнес-жоба авторлары қаржы институттары өкілдерімен кездесті.

50-ден астам кәсіпорынға өңдеу өнеркәсібі бойынша тың идеялар ұсынылды. Мұндай кездесудің тиімділігі зор. Мәселен, Машина жасаушылар одағы ұсынған дерек бойынша, былтыр салаға 500 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылған. Ал жыл басынан бері  қалталылар салаға  208 млн доллар құйған. Айта кеткен жөн, елдегі өңдеу өнеркәсібі импортының жалпы құны жылына 46 млрд долларға тең.

Азамат Панбаев, ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы /Астана/:

- Ресей бойынша машина жасау саласында бірлескен жобалар бар. Қытаймен әр түрлі салада. Құрылыс индустриясы бар, керамикалық плитка дейді. Өзбекстанмен жеңіл өнеркәсіп саласында бірлескен жобалар бар.