Бұқтырманың бойындағы демалыс орындары сапалы байланыс пен жарыққа жарымай отыр

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданын туризмнің орталығына айналдыруға инфрақұрылым кедергі.

Бұқтырманың бойында орналасқан демалыс орындары сапалы байланыс пен жарыққа жарымай отыр. Осындай жағдайда кәсіпті дөңгелетіп,  туристерді өлкеге көптеп тарту қиын, дейді кәсіпкерлер. Айта кетейік, екіге бөлінгелі Алакөл Абай облысының еншісінде қалды. Енді өлкедегі ең ірі туристік орталық - Бұқтырма су қоймасының жағалауы.

Бұқтырманың жағалауы Алтай, Самар, Қатон-Қарағай ауданымен өтеді. Самардағы тұсы туристерге  ыңғайлы. Өйткені асты құм,жағасы таяз. Ресейлік Юлия Блинкова отбасымен жыл сайын келеді. Табиғатына сүйсінеді. Бірақ елдегі туыстарымен тілдесе алмай әбден әбігерге түстім дейді. Демалыс аймағында аймақта ұялы байланыстың жоғына таңқалады. 

Юлия Блинкова, турист /Ресей/:

- Демалыс орнына аман есен жеттік деп туыстарыма хабарлай алмай қалдым. Байланыс бар жерді іздеп кеттік. Осындай әдемі, керемет жерде келеңсіздік болғаны қиын. Жол да нашар екен. Осы жерге дейін әрең жеттік.

Демалыс базалары электр энергиясына да жарымай отыр. Полина Жукованың туристік базасы бар. Ісін әрең жүргізіп келеді. Электр желісі екі меншік иесіне тиесілі.Бүкіл база сол кәсіпкерлердің қойған бағасына, айтқан талабына тәуелді. 

Полина Жукова, кәсіпкер:

- Екі бірдей электр желісі тартылған.Екеуі екі кәсіпкердің меншігі. Сондықтан  базалар екі лагерьге бөлініп алдық. Меншік иелері қай бағаны қойса да, келісуге мәжбүрміз. Ұнамаса ажыратып тастайды. Заңды бекітілген тарифтен 3 есе қымбат төлейміз.Қазір бір үй үшін 30-40  ал қыста 80 мың теңге төлеймін. Орталықтандырылған желі болу керек қой, әкімдік қарастырып жатырмыз деуден ары аспайды. Қамсыз отыр. 

Әкімдік қамсыз емес, қауқарсыз.Электр желісін тартуға ауданның күші жетпейді. Өйткені аз қаражат кетпейді. 

Рахат Әбдуғали, Самар ауданы әкімінің орынбасары:

- Құрылыс басқармасына шығыс қазақстан облысының заявка жіберілді,ол жақ қолдаған жағдайда проектінің өзі 20-60 миллион теңге тұруы мүмкін,енді ол болджам алдын ала проект іске асырылғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 500 миллион теңгеден астам ақша керек деп ойлаймыз. 

Ұялы байланыс пен ғаламтор мәселесі де өзекті. Діңгекті антенна құрылғысы болса, операторлар  жұмысқа кірісуге әзір дейді. Алайда бұл құрылғыны орнату жобасы мен оны салу жалпы 20 миллион теңгеден асады. Күл-қоқысты шығару енді ғана жолға қойылыпты.Бірақ оны тасумен айналысатын мекеме шығынға баттық деп шағымданып отыр. Облыстағы кәсіпкерлік палатасы қордаланған жайдан хабардар. Олар бұл тұрғыда «Алакөлді дамыту тәжірибесіне» сүйену керек дейді. 

Әлия Мұқашева, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Біз мынаны ұсынып отырмыз,мемлекеттік коммуналдық мекеме құру керек, содан бәрі тарайды, мусорды да шығарады, электр энергиясын да қоса алады, бәрі+19.21 Жұмыстың бәрін осы үш сқрақ қойылған бәрін мемлекеттік мекеме реттейді. 

Самар бұрын Көкпекті ауданының құрамында болды. Жеке бөлінгелі бері бюджеті тек дотациға қарап қалды. Аталған мәселелер шешім тапса, Бұқтырма жағалауы бір серпілер еді дейді мұндағылар. Ал туризм дамыса өлкенің экномикасы да нығаяры сөзсіз.

Эльмира Ахметова Жігер Бабаханов