Қытаймен сауданы жылдамдатуға арналған онлайн платформа таныстырылды
Алматыда Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда айналымын арттыруға арналған онлайн платформа таныстырылды.
«Илтун» деп аталатын сауда платформасының басты артықшылығы тауарды тікелей өндірушіден сатып алуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Алматыда қытай өндірушілерінің көрмесі өтті. Онда киім-кешек, медицина, құрылыс, электроника сынды 8 сала бойынша 30-дан аса өнідіруші өнімдері қойылды. Платформаның мақсаты – тауардың бағасын арзандату, сапасын арттыру және алып-сатарлар санын азайту. Айта кетейік, қытай таураларының көрмесі дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.
Мэнг Сю Ли, көрме ұйымдастырушы:
- Біз Қазақстан мен Қытай арасындағы осы сауда қарым-қатынасты одан да жоғары деңгейде көтергіміз келеді. Сауда жәрмеңкеміз Үрімжі мен Алматы қаласында өтеді. Одан кейінгі көрме Түркістан қаласында өтеді. Біздің мақсатымыз – Жібек жолы арқылы сауданы дамыту.
Ернұр Қоңырбаев, кәсіпкер:
- Алматы мен Шымкент қаласына қойма салайын деп жатыр екен 10 шаршы метрден. Зауыттағы өндірушден тікелей. Ол ыңғайлы халықтарға, себебі күтіп көп уақыт кетпейді, уақыт тез болады және бағасы. Зауыттың бағасымен берледі. Бұл адамдарға да ыңғайлы, кәсіперлерге де, біздерге де жақсы болады, деп ойлаймын.