Атырау облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыру басталды
Атырау облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыру басталды.
Биыл облысқа 1 млрд 500 мың теңге бөлініп, 188 жобаға несие беру жоспарланған. Қазір 34 жоба қабылданып, оның 13-ін қаржыландыруға 91 млн теңге несие беру мақұлданды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының кезекті басқосуында айтылды. Облыстық филиалдың жиынында партиялықтар атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы жоспарды бекітті. Сондай-ақ, Саяси кеңестердің жаңа құрамы сайланды. «AMANAT» өкілдері өңірдегі өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталып, аймақтың экологиялық ахуалына айрықша назар аударды.
Эльдар Жұмағазиев, "AMANAT" партиясының хатшысы:
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы жақсы, оған рахметін айтып жатыр. Бірақ көңіліне толмайтыны халықтың табыс мәселесі. Соған байланысты «Ауыл аманаты» жобасы бойынша түсініктер бердік. Оны қалай ұйымдастыру керек, өалай еткенде халықтың табысы көтеріледі. Оған байланысты қосымша сұрап тұрғаны халықтың малдың терісінің өтуі. Бұл бәрі табыс мәселені байланысты.