Ұлттық банк төрағасы ауысты
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Артынша Сенат Тимур Сүлейменовті Ұлттық Банк Төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді.
Палата отырысында Мемлекет басшысының ұсынуын Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов оқып берді. Айта кетейік, Конституцияға сәйкес ел Президентінің Ұлттық Банк Төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады – делінген Сенат баспасөзі таратқан ақпаратта.