Егінің бітік болсын десең, ғылымға сүйен
Елдегі аграрлық сала ғылымға сүйенуі керек.
Өнім өсіруде жаңбырлы аумақтан гөрі суармалы жер өнімді мол беретінін көрсетті. Бұл қарағандылық агрономдардың пікірі.
Ауыл шаруашылығы экономиканың драйверіне айналуы үшін тағы қандай қадамдар жасалуға тиіс?
Жаңа сұрып алып, элиталық астық-тұқым шығаруда Қазақстан ғалымдары мен агрономдардың еңбегі елеулі. Бірақ климаттың өзгеруі, құрғақшылықтың сақталуы салаға ғылыми серпін қажет екенін көрсетіп отыр. Себебі ауыл шаруашылығы экономиканың қозғаушы күші болуы тиіс. Жүздеген адамды жұмыспен қамтып, агро салада айшықты із қалдырған Георгий Прокоп ғылымға сүйенбесек өсім болмайтынын айтады.
Георгий Прокоп, серіктестік директоры:
- Қазір өнім мөлшеріне. Бұл бағытта біздің ғалымдар әлемдегі ауыл шаруашылығы үздіктерімен тығыз байланыс орнатуы керек. Техникалық паркті жаңарту ісі де жүйелі жүруі тиіс. Қазір мүмкіндігі жоғары небір техника бар. Салаға осындай инновациялық техниканы тарту керек. Бұл тарапта мемлекеттік бұрынғыдай ауа райы мен жердің сапасы емес, ауыл шаруашылығындағы инновациялық аяқ алыс әсер ете бастады. Яғни ғылым мен білім бар жерде – өнім болады субсидияларды пайдаланған жөн.
Президент Жолдауындағы жергілікті өнімнің 70 пайызын шетелге өңдеп жіберу мәселесі де өзекті. Мамандар етті экспортқа шығарғаннан гөрі оны өңдесе, табыс көлемі де артатынын айтады. Ал суды көп қажет ететін дақылдардан бас тартып, оны импорттап алуға болады.
Орынтай Қаңтарбайұлы, еңбек ардагері:
- Суды көп керектенетін ауылшаруашылық дақылдары бар. Осы дақылдарға көп ұмтыла бермей, басқа пайдалы дақылдарды да өндіре беру керек дегенді айтты. Мұны өзіміз түсінгенімізде басқа шекаралас елдердегі суға тәуелді болмай, мүмкін суды көп қажет ететін өнімді солар өндіріп, солардан сатып алсақ, біз оларға басқада өзіміздің ет, сүт, ұн өнімдерімізді беріп отырсақ деген ой бар.
Қарағанды облысында 13 мыңнан астам ауыл шаруашылық өкілі бар. Соңғы 30 жылда олардың саны 40 есе көбейген. Сондықтан қолайлы жерге деген сұраныс жоғары. Осы ретте келер жылдан бастап өңірде суармалы жер көлемі 4 мың гектарға ұлғаяды. Себебі өнім өсіретін жерді қалпына келтіру бойынша жол картасы әзірленген.
Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар, «Хабар-24», Қарағанды облысы.