Қазақстанда экспорттық-кредиттік агенттік құрылады
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды.
Жаңа агенттікті құруда Ресей, Мажарстан, Аустралия және Үндістан тәжірибесі ескеріледі. Құрылым экспорттық операцияларды сақтандыруды, қайта сақтандыруды, кепілдендіруді және қаржыландыруды жүзеге асырады. Агенттік қызметі нәтижесінде шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 2025 жылға қарай 41 млрд АҚШ долларына дейін өседі деп күтілуде.
Қазіргі таңда елімізде 29 сақтандыру компаниясы бар. Алайда экспорт саласында тек «Қазақэкспорт» қызмет көрсетіп келеді. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Қазақэкспорт» базасында экспортты дамыту институтын құруды тапсырған-ды.