Елімізде геологиялық барлау шығындары кемиді

Елімізде геологиялық барлау жұмыстары жеңілдей түспек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжілістің жалпы отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске түзетулер енгізу туралы заң жобасы қаралды. Ол саладағы құжат әзірлеу рәсімдерін оңтайландырып, жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылай және әкімшілік шығындарын азайтуға бағытталған. Атап айтқанда, заң жобасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы сейсмикалық барлау қорытындысы бойынша келешегі жоқ ұңғымаларды бұрғылаудан бас тартқанда Үкімет тарапынан айыппұл салынбайды. Сондай-ақ мемлекеттік сараптама мерзімі 8-ден 12 айға дейін қысқарып, әкімшілік шығындар 2 есе кемиді деп күтілуде.