А. Садықов: «Офтейк» жүйесін дамыту керек
Реттелмелі сатып алу бойынша отандық өндірушілермен «офтейк-келісімдерге» қол қою жүйесі жолға қойылмаған.
Соңғы 2 жыл ішінде заңнамалық актілер де жетілдірілмеген. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Асқар Садықов айтты. Мәжілісмен «офтейк» жүйесі тапсырыс беруші мен тауар жеткізуші арасында өнімді өндірмес бұрын алдын-ала келісімге қол қою арқылы артық шығынның алдын алуға мүмкіндік беретінін айтты. Асқар Садықов депутаттық сауалын Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа жолдап, «офтейк-келісім» жүйесінің тұралап қалуына кім жауапты екенін және қашан дамитынын сұрады.
Асқар Садықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында реттелмелі сатып алу жүйесіне кіретін отандық өнімнің көлемін ұлғайту және «офтейк» жүйесіне толық өтудің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Осыған байланысты қазақстандық тауар өндірушілермен жасалатын офтейк-келісімдердің үлесін кем дегенде 10%-ке арттыру тапсырмасы қойылғаны белгілі. Бұл жыл сайынғы көрсеткіш бойынша шамамен 2 трлн теңгеге тең болады.