Жаңа Бюджет кодексі Парламент қарауына енеді
Ұлттық компаниялар несиелері бойынша есеп беріп отыруға міндеттеледі.
Мұндай ереже жаңа Бюджет кодексінде жазылған. Құжат бүгін Үкімет отырысында талқыланды. Ал Ұлттық қордан түскен қаржы тек маңызды инфрақұрылымдық, стратегиялық және жалпыхалықтық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Жаңа Бюджет кодексі Парламенттің қарауына енгізіледі.