Қазақстанның жасыл энергетиканы дамытуда әлеуеті жоғары
Инновацияларды дамыту ұлттық агенттігінің сарапшылары осындай пікірде.
Мамандар ғалымдар және бизнес қауымдастықпен бірге баламалы энергетиканы дамыту жолында жұмыс істеп келеді. Сарапшылар сәтті шыққан шетелдік жобаларды қарап, оларды Қазақстанда бейімдеу тетіктерін қарастырады. Олардың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер «жасыл» жобаларға қаржы құюға дайын.
Нұрхат Жакиев, ғалым:
- Терең өндіру тауарларын шығаруға бейімделу керек. Қазақстанның патенциалы айтарлықтай көп. Халықтың тығыздығы жер көлеміне шаққанда өте аз. Басқа елдер не істеп жатыр? өзеннің үстіне, көлдің үстіне, Таудың етегіне күн энергиясын немесе жел энергиясы қондырғыларын қоюда. Бізде Қазақстанда болса, айдала алқаптар бар, жер сулар бар, емін-еркін. Тек ең бастысы бізде инфраструктура. Және жергілікті мамандар болса. Электр саласындағы, инженерия саласындағы жергілікті мамандар қажет.