Петропавлда «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Солтүстік Қазақстан облысында «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Дәстүрлі доданың негізгі мақсаты жастарды еңбекке ынталандырып, елге еңбегі сіңген жұмысшыларды барынша насихаттау. Биыл өңірден 40-қа жуық өтініш түскен. Олар «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы» және «Жас маманның тәлімгері» номинациясы бойынша бақ сынады. Соңғы аталымда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданнан келген кітапханашы Елена Тимощук үздік деп танылды. Енді аймақтық кезеңнен сүрінбей өткендер республикалық байқауға қатысатын болады.
Елена Тимощук, кітапхана меңгерушісі:
- Мәдениет саласында еңбек етіп келе жүргеніме 36 жылдан асты. Биылғы жыл мен үшін қуанышқа толы. Мәселен «Қазақстанның көрнекті кітапханашылары» және «Табысты 100 ауыл әйелі» кітабына ендім. Енді міне «Еңбек жолы» бауқауында жеңімпаз атанып жатырмын. Еңбегімнің бағаланып жатқаныма өте қуаныштымын.