Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Елдегі тариф мәселесі Премьер-министрдің төрағалығымен өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.
Мәселен, кен орындарының бірінен шикізатты тасымалдаумен айналысатын компания өзінінің монополиялық жағдайын пайдалана отырып, қызмет көрсету құнын нарықтағыдан 30 есе жоғары белгілеген. Әлихан Смайылов жауаптыларға, тарифтерге талдау жасап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ жиында Атырау мұнай өңдеу мен Павлодар мұнай химия зауыттарына аутсорсинг шеңберінде көрсетілген сервистік қызметтерді өздеріне қайтару мәселесі қаралды. Сонымен қатар медициналық ұйымдарды техникамен қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін кәсіпорынды сенімгерлік басқарудан Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өткізу, теміржол кірме жолдарын пайдалану жұмыстары пысықталды.
Динара Әлімова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:
- Отырысқа қатысушылар мұнай өндіру мен тасымалдау, Денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелрін талқылады. Талқылау қорытындысына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға белгіленген бағадарлың негізділігі талдау және қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.