Оралда жас кәсіпкер көп қабатты үйдің жертөлесінен жылыжай ашты
Оралда жас кәсіпкер көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесін жылыжайға айналдырды.
Онда тағамға арналған дәмдеуіш шөп өсіріп отыр.
Бұл істі алғашында ермек ретінде бастаған ол кейін кәсіп көзіне айналдыруға кіріскен. Іскер жанға мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие берілді.
Желтый коврикті бірінші сулаймыз. Сосын каждый контейнерге 5 граммнан микрозелень семенасын егеміз. Кейбір микрозеленьді 7 граммнан егеміз.
Жертөледе орналасқан сөрелер жасыл желекпен көмкеріліп тұр. Әділхан мұндай дәмдеуіш өсімдіктерді былтыр анасының ұсынысымен өсіре бастапты. Дайын өнімдерді өз отбасы, туыстары мен достары тұтынып келген. Кейін сұраныс артқан соң өндіріс көлемін ұлғайтты. Қазір шөп-шалаңның 10 шақты түрін өсіреді.
Әділхан Құбаев, кәсіпкер:
- Әр жұма сайын жаңа дәндерді отырғызып, өскен микрозеленьді упаковать етіп, магазиндерге, базарларға, ресторандарға апарамыз. + Микрозеленьде витаминдердің наборы өскен зеленьге қарағанда 5 есе көп. Именно осы 10 күндік, 12 күндік микрозелень өте пайдалы.
Әділхан бала күнінен тамақ дайындауға қызығушылық танытып, асүйде анасына қолғабыс қылып жүрген. Мектеп бітірген соң сүйікті ермегінен алыстамай, колледжде аспаз мамандығы бойынша білім алыпты. Кәсіби шеберлігі оның бизнес жобасын табысқа жетелеп отыр. Жастарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кәсіпкер 2,5 млн теңге несие алған. Ол қаражат есебінен жертөлеге заманауи үлгідегі бірқатар құрылғы орнатты.
Әділхан Құбаев, кәсіпкер:
- Температура мында 18 градус. 60-65% ылғалдылық болу керек. Біз де күн сайын кондиционер өшпей жұмыс істейді, уже бір жылдан асты. Кондиционер әлі өшкен жоқ. Светке мында арнайы шөптерге арналған лампалар қолданылады. Себебі обычный светтер жарамайды. Микрозелень өспейді өте қатты. И витаминдермен байымайды.
Әділхан алдағы уақытта жер телімін алып, жылыжай салуды жоспарлап қойған. Өңірде дәл осындай еңбекқор жастарды қолдау шаралары жалғасып жатыр. Бағдарлама аясында оларға жылдық сыйақы мөлшері 2,5 пайыздық несие беріледі. Жыл басталғалы бұл бағытта 200-ден астам өтінім келіп түскен.
Самал Темірова, БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:
- Мерзімі 5 жылға дейін. Ауыл шаруашылығын дамытуға 7 жылға дейін. Ең жоғарғы сомасы 5 млн теңгеге дейін. Көбі ауылдық жерден болғасын мал шаруашылығын дамытуға алып жатыр. 218 жасқа 996 млн теңге несие берілді. Осы жұмыстар әлі жалғасын табуда.
Жеңілдетілген несиеден бөлек, іскер жандар қайтарымсыз гранттарға да ие бола алады. Ұлттық жоба негізінде биылдың өзінде өңір бойынша 300-ден астам адам өз кәсібін бастаған.
Еркебұлан Смадияров, Болат Жарылғасов, Елдар Аюпов