Сауда саласындағы серіктестік
Қазақстан агро өнеркәсіптік кешенді дамыту арқылы, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қоса алады.
Премьер-Министр Әлихан Смайыловпен кездескен "Израиль-Қазақстан" сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ осылай деді. Тараптар серіктестікті кеңейтуге ниетті. Үкімет басшысы, әсіресе су-ару және су үнемдеу мәселесін шешуге Израилдік технологияларды тарту керектігін айтты.