Қазақстан-Германия ынтымақтастығы жанданады
Қазақстан мен Германия сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, «жасыл энергетика» және басқа да салаларда серіктестікке серпін береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Канцлер Олаф Шольц осындай келісімге келді. Яғни қазақ-неміс байланысы нығая түседі. Келіссөз барысында тараптар екі жақты қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сосын өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, жоғары деңгейде өтетін «Орталық Азия – Германия» кездесуінің күн тәртібін талқылады.