Отандық сарапшы: Санкциялар экономиканың дамуын тежейді

Отандық сарапшылар да Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдегі санкциялар текетіресі жайлы пікірін қызу талқылап жатыр.

Қазақстан бұған қарсы, өйткені саяси астары бар мұндай шектеулер мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына тұсау салып, жалпыға бірдей халықаралық қарым-қатынасқа теріс әсер етеді. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы: «аталған кері үдеріске тоқтау болмаса, онда дүниежүзіндегі елдерді бір-біріне қарсы қоятын жаңа экономикалық және әскери-саяси одақтар пайда болуы мүмкін», - деп пайымдайды.

Ерсұлтан Жансейітов, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Қазір негізінен әлемдік баланс өзгерген, бұрынғыдай қандай да бір қос полярлы үстемдік атымен жоқ. Яғни, мемлекеттер өзара қарым-қатынастың балама түрлерін, қосалқы қаржы құралдарын, капитал ағынын, ресурстарды бөлуді жаңаша қарастыруға ұмтылып жатыр. Сондықтан қазір бізде мәселені екіжақты күшпен немесе экономикалық тетіктер және қысым жасау арқылы емес, өзара тіл табыса отырып шешуге мүмкіндік бар.