Қостанай облысы ылғал тиген астықты сақтап қалудың әрекетін жасап жатыр
Қостанай облысындағы элеваторлар тәуліктік жұмыс кестесіне көшті. Ылғалға бөккен бидайды сақтап қалудың барынша қам-қаракеті жасалып жатыр.
Оны тиісті нормаға жеткізу үшін бірнеше рет кептіру керек.
Қостанайдағы астық қабылдау пунктерінің бірі. Күніне мұнда қызыл дән тиеген қырық-елу Камаз келеді. Алдымен олар зертханалық тексерістен өтеді. Бидайдың ылғалдылығы, қамырлылығы, салмағы,тазалығы тексеріледі. Мамандардың айтуынша, биыл астықтың сапасы мәз емес.
Динара Қарымсақова, техник-лаборант:
- Ылғалдылығы өте жоғары. 18 проценттен жоғары. Норма бойынша 14 процент болу керек. Көрсеткіштері жаман емес, бірақ құлау саны, число падение төмен. В основном негізі 5 класқа жатады.
Бесінші сұрыпты бидай ұн тартуға жарамсыз. Осы уақыта дейін элевторға келіп түскен астықтың 80 проценттен астамы 4, 5 - сұрыпты деп бағаланған. Ылғалды өнімнің көгеріп, бүліну қаупі басым. Сондықтан мұқият кептіру аса маңызды.
Мағауия Қалиев тілші:
- Мынау астық кептіргіш агрегат. Сыйымдылығы 110 тонна. Бірнеше шахта бойымен айналған бидай 70-80 градус ыстық ауамен кептіріледі. Ол тиісті нормаға жеткізілгеннен кейін ғана қоймаға жіберіледі.
Қуан Есқайыров, астық қабылдау пунктінің бас директоры:
- Күніне 500 тоннадай кептіреміз, ал қазіргі таңда 12 мың влажный келіп тұр. Сол 12 мыңның жартысынан көбін кептірдік. Әрі қарай жұмыс көп. Себебі бірнеше этаптан тұрады. Бір этаптан 25-тен 14-ке дейін түсіру қиын, Сол себепті 3,4,5 этаптан кептіреміз.
Бұл элевтор 54 мың тонна бидай қабылдай алады. Қазір келіп түскені 34 мың тонна. Енді әрі кетсе екі аптада лық толады. Облыста осындай 37 астық қабылдау пункті бар. Олардың жалпы сыйымдылығы 3 миллион тоннаға жетеғабыл.
Дмитрий Евстафьев, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
- Одан бөлек ауыл шараушылығы өнімін өндірушілердің жеке меншік астық қабылдау орындары бар. Сондықтан бидайды сақтау мәселесі өзекті емес. Бізді толғандыратын жәйт, оның сапасы. Егін алқаптарының жартысын жинадық. Негізінен 4, 5-сұрыпты өнім түсіп жатыр. Қалған бөлігінде одан да нашар болуы мүмкін.
Мемлекет элеваторларға қолдау есебінде жеңілдетілген бағамен дизел отынын беретін болды. Қостанай облысына литрі 250 тенгеден 11 мың тонна жанар май қаралған. Қазір соған тапсырыс қабылданып жатыр.
Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг