Shell инвестиция көлемін ұлғайтады

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Shell компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юнович кездесіп, мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Әңгімелесу барысында Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру, жаңа газ өңдеу зауыттарын салу мәселесі көтерілді. Премьер-министр өндіріс орындарын қауіпсіз пайдаланып, экологиялық талаптарды сақтау компания жұмысындағы басты басымдық болуға тиіс екенін атап өтті. Өз кезегінде Зои Юнович Shell компаниясының Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастыққа баса назар аударатынын айтты. «Біз қысқа мерзімде Қазақстанға инвестиция көлемін ұлғайтуға және мұнайдың ғана емес, газдың да жаңа мүмкіндіктерін зерттеуге дайынбыз», — деді ол.