1 қаңтарда мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелері күшіне енеді
1 қаңтардан бастап мал шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелері күшіне енеді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, селекциялық асылдандырумен айналысатын фермерлерге дербестік беріледі. Енді олар өз қалауы бойынша тұқымды көбейтудің кез келген тәсілін таңдай алады. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жатпайтын тауарлар, яғни күркетауық еті мен суда жүзетін құс субсидияланбайды. Ал шошқаның аналық басы үшін өтемақы нормативі бұрынғы 140 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін төмендейді және бұқалар мен асыл тұқымды қошқарларды жалға беруді субсидиялау жойылады.