Премьер-министр Джон Уиланмен кездесті
Операторлардың қажеттіліктері үшін өнім шығаруға мүдделі жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайту керек.
Ол қазіргі уақытта импортталатын бірқатар мұнай-газ машина жасау өніміне деген қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді. Премьер-министр Әлихан Смайылов «ЭксонМобил» компаниясының аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесуде осылай деді. Джон Уилан өз кезегінде, осы америкалық компания өз өкілдігін ашқан шетелдік халықаралық мұнай компанияларының арасында алғашқылардың бірі болғанын еске салды. Сондай-ақ бүгінгі күні республикаға 28 миллиард доллардан астам инвестиция салдық. Қашаған, Теңіз және Каспий құбыры консорциумы сияқты ірі жобалардағы бұрыннан келе жатқан серіктесі бола отырып, стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз – деді. Жиында тараптар Теңіз кен орнында сағалық қысымды кеңейту әрі басқару жобаларын іске асыруды және газ бөлу кешенін салу мәселелерін де талқылады.