Алматы облысында күріш ору науқаны қызды
Бақанас аймағында күріш ору науқаны қызу жүріп жатыр.
Диқандар жеті мың гектарға егілген дақылды ысырапсыз, уақытылы жинауға кірісті. Кейбір шаруа қожалығы өнімділікті молайту мақсатында күріштің жаңа түрін егіп көрді. Дегенмен, үнемі судан тапшылық көретін шаруалар келесі жылдың қалай боларына алаңдайды. Алдын ала қам жасау керек дейді.
Алмас Садуақас, тілші:
-Биыл «Тасмұрын» алқабына күріштің «Янтарь» атты жаңа тұқымы егілді. Бұл тұқым Қызылорда облысынан алынған. Қазір 300 гектардан астам жер орылды. «Бірлік» шаруа қожалығы әр гектардан 45 центнер өнім алсақ еңбектің ақталғаны дейді.
Балқаш ауданында күріш өсіретін ірі серіктестік бірі биыл 1350 гектарға күріш септі. Басшысы Алмас Әбдіжаппарұлы жаңа тұқым туралы бар ақпарат пен өсіру ерекшелігін Сыр бойындағы әріптестерінен арнайы барып білген. Айтуынша өнімділігі жақсы. Жалпы күріш мол болу үшін 120 күнге дейін су астында жатуы керек. Сонда толық пісіп-жетіледі. Дегенмен, кейінгі жылдары Балқаш ауданының диқандары су тапшылығын сезініп жүр. Себебі Іле өзенінде судың көлемі жылдан жылға азайып бара жатыр. Шарулардың басты мәселесін шешуді ойластырған облыс әкімдігі биыл өзен бойында «Тасмұрын» су бөгетін салу жобасы қолға алды.
Алмас Қыстаубаев, шаруа қожалығының басшысы:
«Біз негізі Қапшағай су қоймасынан Іле өзені арқылы аламыз суды. Тасмұрын каналы арқылы. Сол Тасмұрын каналының алдын, су кіретін жағын үлкейтеміз деп жатыр. Сол облыс әкімдігігімен келіссөздер жүргізіліп жатыр қазір. Сұрап жатырмыз біз үлкейтіп беріңіздер деп. «Біздің шаруашылыққа кемінде 30 млн.текше метр су керек. Көктемде күрішті еккеннен кейін күріш дақылы 110-120 күн судың астында жатуы керек».
Балқаш ауданындағы егістік алқаптарына су Іле өзенінен келеді. Ол алдымен Қапшағай су қоймасынада жиналады. Биыл Қапшағайға келген судың жалпы көлемі 18 млрд.текше метр болды. Соның 4 млрд текше метрі егістік алқаптарын суаруға суғаруға жұмасалды. «Шаруалар сұранысын қамтамасыз ету үшін «Тасмұрын» су бөгеті келесі жылы салынып, қосымша суағарлар жасалады» дейді мамандар.
Бауыржан Дәрібаев Балқаш ауданы әкімінің орынбасары:
«Енді биылғы болған қиындықтар қайталанбас үшін «Тасмұрын» магистральді каналына облыс әкімінің қоллдауымен келісіп. Ол жерде қазір 4 шлюз тұр су жіберетін. 5, 6-шлюзді қою жұмысын келесі жылы бастайық деп отырмыз. Қазір жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Оның сыртында сол жақа үрлемелі платина құрылысын жүргізу жоспарланып, оның жобалық құжаттары дайындалуда. Болашақта ол іске асатын болса судан көп тапшылық көрмейміз деп ойлаймыз».
Жалпы Балқаш ауданында күріш алқабын он мың гектардан асыруға болады. Жұмысшы күші мен техника жетеді. Тек «Бірлік» шаруа қожалығының өзінде егін мен шөп оратын отызға жуық комбайн бар. Шаруашылықта 250 адам жұмыс істейді. Ала жаздай тер төккен қарапайым жұмысшылар ақмаржанды шашпай төкпей жинап алуға асық. Қырманда бір күнде 100 мың тонна дән ұшырылып, тазартылады. Шетелден алынған техниканың көмегімен күріш тауарлы өнім болып қапталады. Экологиялық таза отандық тауардың 30% сыртқа экспортталады.
А. Садуақас, А.Дүйсембаев, А. Жөнкешов