Павлодарда алюминий өндірісі артты

Отандық нарық үшін өндірілетін алюминий көлемі кейінгі бес жылда екі есе артты.

Павлодардағы Қазақстан электролиз зауыты биыл 260 мыңнан астам тонна алюминий шығаруды жоспарлайды. Әсіресе «қанатты металға» деген сұраныс жыл сайын ұлғайып келеді. Қазір зауыт өнімі ондаған кәсіпорынға жеткізіледі. Таза алюминий машина жасау, құрылыс, ғарыш салаларына аса қажет шикізат саналады. Қазір ішкі нарық үшін ай сайын бес мың тонна «қанатты металл» шығарылады.

Никита Кот, Қазақстан электролиз зауытының инженер-технологы:

- Өндірілетін өнімнің сапасы жоғары. Ресей, Беларусь, Түркия, Қырғызстан, Италия нарығына жол ашық. Дегенмен, ішкі сұранысты өтеу бірінші кезекте тұр. Қазір «қанатты металл» еліміздің 11 кәсіпорнына тасымалданады.