Ә. Смайылов ШҚО-ны дамыту бойынша кеңес өткізді
Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысын дамыту бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Премьер-министр облыс экономикасы тау-кен металлургия өнеркәсібінің дамуымен тығыз байланысты және энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика мен туризм салаларының әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Мемлекет басышысының тапсырмасымен тау-кен саласын жаңғыртып, сирек кездесетін металл кеніштерін игеру басты міндеттердің біріне айналуы тиіс, - деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ электромобильдер үшін литий өндіру, гидроэнергетиканы дамыту және жаңа көкөніс сақтау қоймаларын салу мәселелері талқыланды.
Биыл Шығыс Қазақстан облысы шаруаларына республикалық қазынадан 43 млрд теңге бөлініп отыр. Оның 26 млрд теңгесі субсидиялар түрінде. Премьер-министр көкөніс қоймаларын салу үшін 50%-ке дейін инвестициялық субсидия беру көзделгенін атап өтті.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану керек. Ең бастысы, өнімділігі мол жобаларға басымдық берілуі тиіс. Кәсіпкерлермен бірге көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жұмыстарын күшейту қажет. Осындай жоба өте маңызды. Соны әрі қаарй ұлғайту жұмысы іске асырылып жатыр. Соны қолға алып, керекті көмекті көрсету керек.