Жетісу облысында 188 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Алдағы екі жылда Жетісу облысында 188 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
Солардың 50 шақтысын биыл іске қосу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге дейін 23 кәсіпкерлік нысан ашылды. Қалғандары жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Салаға қаржы құйған инвесторлардың әкімшілік кедергіге тап болмауы үшін прокуратура қызметкерлері оларға құқықтық тұрғыда көмек көрсетіп келеді. Осы мақсатта кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп арнайы жиын өткізіп, фронт офиста да қабылдайды. Бетпе бет кездесу барысында іскер азаматтардың өзекті мәселесі талқыланып, шешу жолдары ұсынылады. Президент тапсырмасымен қолға алынған шара оң нәтиже беріп жатыр. Мысалы Алакөл ауданында құс фабрикасын ашам деген азаматқа 7 гектарлық жер телімі су қорғау аймағынан берілген. Құрылыс жүргізуге рұқсат ала алмаған кәсіпкер құзырлы орган өкілдерінің көмегіне жүгінді.
Ялкун Исмаилов, облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры:
- Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасымен инвесторға басқа жер учаскесін беру және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы қадағалау актісі енгізілген. Соның нәтижесінде басқа жер учаскесін беру құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Дәурен Оңалбаев, "Атамекен" ҰҚП облыстық филиалының төрағасы:
- Жетісу облысында жеті кәсіпкерлермен кездесу болды. Ол кездесулерде ол кәсіпкерлермен қатар аудан қалалардың инвесторлары да қатысқан болатын. сол жерде 38 проблемалық сұрақ көтерілген болатын. Сол 38 сұрақтың он алтысы өз шешімін тауып отыр.