Солтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қоры толықты

Солтүстік Қазақстан облысында тұрақтандыру қоры 11 мың тоннадан аса азық - түлікпен толықты.

Ұн, қарақұмық, қант, күнбағыс майы, сары май, тауық еті, тұз, жұмыртқа және көкөніс түрлері ірі сауда орындары мен арнайы орындарда сатылады. Сонымен қатар үй жанындағы шағын дүкендерге өткізіледі. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлар көктемге дейін арнайы қоймаларда сақталады. Нарықты реттеу үшін бюджеттен 3 млрд теңгеден аса ақша бөлінген. Өнімдер негізінен жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынды.

Ғамали Жұмашов, «Солтүстік» ӘКК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Азық - түлік тауарлары нарықтан әлдеқайда арзан сатылады. Мысалы, қарақұмық – 320 теңге, күнбағыс майы – 590 теңге, екі келі ұн 260 теңгеден сатылады. Бұл бағаның қымбаттамауына әсер етеді.