Жаңа газ құбыры туралы Энергетика министрі пікір айтты
Көгілдір отын транзитін ұйымдастыруда үш елдің тарапынан талай шаруа атқарылды, дейді еліміздің энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Оның айтуынша, Ресей, Қазақстан мен Өзбекстандағы магистралды құбыр желісінде күрделі жөндеу жүргізіліп, газ тасымалына қажет компрессор станциялары жаңғыртылды.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Алғашқы кезеңде газды өткізу қуатты 2,8 млрд текше метр көлемінде белгіленген. Бұл газ Өзбекстанның энергетикалық кешеннің тұрақты жұмысын қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің бірыңғай энергетикалық жүйесінің қалыпты деңгейін ұстап тұруға да жағдай жасайды. Сондай-ақ, елдеріміздің өнеркәсіп индустриясының дамуына қосымша серпін береді.