Ел эконономикасы 4,7% өсті
Жыл басынан бері ел экономикасы 4,7%-ке өсті.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, нақты сектор 3,7%, ал қызмет көрсету саласы 5%-тен асқан. Құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс салалары жоғары өсім көрсетіп отыр. Сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,1% болды. Осы тұста өңірлер арасында Маңғыстау, Түркістан, Павлодар және Абай облыстарында тұрақты жоғары нәтиже көрсетті.
Алдын-ала қорытынды бойынша биылғы сыртқы сауда тауар айналымы да оң нәтиже беріп, 91,1 млрд долларды құрады. Экспорт 51,2 млрд долларға, ал тауарлар импорты 39,8 млрд долларға жетті.