Шығынға ұшыраған шаруаларға қолдау көрсетіледі

Ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруаларға қолдау шарасы бүгін Премьер-министрдің қатысуымен өткен мемлекеттік комиссияда қаралды.

Президенттің тапсырмасын орындау барысында «Азық-түлік корпорациясының» сатып алу бағасын 3-ші класты бидай үшін 120 мың теңге және 4-ші класты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгіленетін болды. Ал қарызын өтеуге шамасы жоқ шаруа үшін банк сыйақыларын 3% көлемінде өтей отырып, шартты орындау мерзімі 1 жылға ұзартылады. Премьер-министр осы жұмыстың бәрін мемлекеттік органдарға дереу бастауды тапсырды.