Үкімет басшысы бюджет қаражатын толық әрі тиімді игеруді тапсырды

Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысын белсенді жалғастыруы қажет.

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп тапсырды. Отандық азық-түлік өндірісін ынталандыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар шетелдік және отандық инвесторларды тарта отырып, шикізаттық емес секторды дамыту маңызды. Ол үшін өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, IT, туризм салаларында инвестжобаларды іске асыруды жеделдету керек. Сондай-ақ Үкімет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуда кәсіпкерлік бастамаларға қолдау білдіру керектігін айтты. Осыған байланысты жыл соңына дейін бюджет қаражатын толық әрі тиімді игеруді тапсырды.