Заңсыз иемденілген активтерді өз еркімен қайтарушыларға кепілдік беріледі
Бұдан былай «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға сәйкес қаражатты өз еркімен қайтарғысы келетіндерге нақты кепілдіктер беріледі.
Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен тиісті комиссияның бірінші отырысы өтті. Оның құрамына Үкімет мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері кірді. Отырыс барысында заңда көзделген рәсімдер шеңберінде активтерді мемлекетке өз еркімен және мәжбүрлі түрде қайтаруға дайындық туралы ақпарат ұсынылды. Үкімет басшысы жұмысты ведомствоаралық тығыз ынтымақтастық негізде және артық бюрократиясыз шұғыл ұйымдастыруды тапсырды.