Балқашта сабын цехы іске қосылды

Балқаш қаласында сабын шығаратын шағын кәсіпорын іске қосылды.

Шикізатқа қоспасыз табиғи таза өнімді пайдаланады. Малдың майын жақын маңдағы шаруалардан сатып алады. Жас кәсіпкер Ержан Жандығұл бизнесін бастамас бұрын Алматыда арнайы білім алып, жасау технологиясын үйренген. Кейін 3 миллион теңгеге қондырғы сатып алып іске кірісті. Сабынды «Балқаш» деп атап, туған қаласының атын брендке айналдырған. Қазір жергілікті зауыт тұрғындарды, отандық өніммен қамтып отыр, бірнеше дүкенмен де келіссөз жүргізген. Алдағы уақытта өнімнің түрлерін көбейтіп, маңайдағы ауылдарға сатпақ ойы бар.

Ержан Жандығұл, кәсіпкер:

- Бір күнге мұның шығаратын қуаттылығы негізі 4 мың сабынға дейін шығарады. Біз қазір шығарып отырмыз 1,5-2 мыңның көлемінде. Тұтынушылар бар. Қазір үйреніп алып жатыр. Біз де қазір качествоға жұмыс жасап жатырмыз, количествоға емес. Алдағы жоспар осыны дұрыстап дамыту. Екіншіден, осы хозяйственный мылоның сұйық түрі бар, соны, сосын иіс сабын дейді ғой, соны қолға алмақ мақсатымыз бар.