Ақтөбе облысында егіннің 85% орылды
Ақтөбе облысында егіннің 85 проценті орылды.
Биылғы науқан шаруалар үшін оңай болмады. Тамыз және қыркүйек айлары жаңбырлы болып, жұмыс тоқтап тұрды. Сол кезде алқаптар қайта көктеп кетті. Мысалы, Әйтеке би ауданында астықтың 40 проценті ғана қамбаға құйылды. Дәл осындай жағдай Мәртөк пен Қарғалы аудандарында да бар. Диқандарға көмек беру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Мамандар жиналмай жатқан алқап пен одан түсетін өнім және келтірілген шығын көлемін анықтайды. Олар дымқыл тиіп, көктеген астықты азық-түлік түрі ретінде пайдалануға болмайтынын айтып отыр. Дегенмен, мал азығына жарамды дейді. Егінді жинап болғаннан кейін кептіру үшін астық қабылдау кәсіпорындарына дизель отынын бөлу қарастырылған. Қазірдің өзінде 102 тонна бөлінді. Одан бөлек бидайды сату мәселесі де назарда болады. Және несиесі бар шаруалардың төлеу мерзімін қайта қаралуы мүмкін.
Нұрбек Райымбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Бұл сұрақтар бойынша бізге жүгінуде яғни, астық өндіруші шаруашылықтар. Әйтеке би ауданы бойынша 24-25 шаруашылықтың жобасында бар түсіп тұрған. Суммасы жобамен 3,5 млрд көлемінде.