Шығыста әлеуметтік тұрақтандыру қорының дүңгіршектері ашық түрде жалға беріледі
Шығыс Қазақстанда бұдан былай тұрақтандыру қоры тарапынан ашылатын әлеуметтік дүңгіршектерді жалға беру ашық түрде жүргізіледі.
Бұл қызмет сапасының жоғарлауына септігін тигізбек. Осы уақытқа дейін өлкедегі мұндай павильондарды жалға беру тек жабық түрде өтіп келген еді. Бұл жең ұшынан жалғасқан жемқорлық қауіпін туғызуы мүмкін,-дейді мамандар.Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясына аталған шараны электронды нұсқада өткізу туралы ұсыныс жасады. Осылайша қазір мемлекетік мүлік реестрінде Өскеменде 11 әлеуметтік дүңіршектің жалға берілетіні жарияланған.Жалпы тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары 1 қарашадан бастап сатыла бастайды.
Архат Бейсембаев, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысы:
- Ашық түрде өткізілетін конкурстар осы конкуренцияны, бәсекелестіктің болуына, павильондарды алу кезінде жұмыс, қызмет сапасын жоғарлатуға, әрине одан кейін тұрғындарды, халықты бірінші кезекте арзан бағадағы азық түлік тауарларымен қамтамасыз етуге өз пайдасын тигізері сөзсіз.