«Ұлттық қор – балаларға» заңы Президентке қол қоюға жіберіледі
Бүгін мәжіліс Сенат жолдаған түзетулермен келісіп, құжатты қабылдады.
Бұл заңға 10 өзгерту енгізілді. Бұған дейін жоғары палата депутаттары ақшаны жинақтау қорына аударған кезде доллардың бағамы әртүрлі болуы мүмкін екендігін айтқан. Яғни доллар бағамы бір күнде 4-5 рет өзгеруі ықтимал. Сондықтан оны аудару күні емес, аудару уақыты деп өзгерту қажеттігін көрсеткен. Енді халық қалаулылары барлық ескертуді ескеріп, құжатты Президентке қол қоюға жіберді. "Ұлттық қор - балаларға" заңы келер жылдан бастап күшіне енуі тиіс. Соған сәйкес елдегі Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балалар арасында тең бөлу қарастырылған.