Қайрат Боранбаев мұнай кен орнын, газ тарату компаниясы мен зауытты қайтарды

Қайрат Боранбаев мұнай кен орнын, газ таратушы компанияны және құбыр шығару мен мұнай-газ жабдықтарын жөндеу зауытын мемлекетке тапсырды.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құны 9 млрд теңге болатын «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорында 740 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда агенттік қылмыстық жолмен, оның ішінде шетелден алынған активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

«Қаражанбас Северный» кен орыны мемлекет меншігіне өтті, оның өндірістік параметрлері: құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма. Боранбаев сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 млрд теңгеге жуық».