Бас прокуратура 900-ден астам инвестжобаны тексеріп жатыр
Бас прокуратура 900-ден астам инвестициялық жобаны зерделеп жатыр.
Олардың заңды іске асуы тексеріліп, құқықтық көмек көрсетіледі. Жалпы инвестициялық ахуалды жақсарту үшін арнайы ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Олар ірі инвесторлармен және консалтингтік фирмалармен кездесулер өткізіп, тиісті бақылау жүргізеді. Осындай шаралар нәтижесінде 27 инвестордың проблемасы шешілді деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.
Дархан Дүйсембай, Бас прокуратураның ресми өкілі:
- Петропавлда прокурорлардың араласуынан кейін инвестор рұқсат құжаттарын алып, көпсалалы аурухананың құрылысын бастады. Ал Павлодар облысының прокурорлары кальцийленген сүт өнімдері мен кальцийленген сода өндіріретін зауыттар шетелдік инвесторлардың жер учаскілерін заңсыз алуға жол бермеді. Мақсат әрбір инвестор қолайлы ортаны қамтамасыз ету және бизнестің қауіпсіздік кепілін арттыру.