Астанада халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі басталды
Астанада «ҚазАгро-ҚазФарм-2023» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі басталды.
Бұған жаһандық компаниялардың аграрлық салаға арналған техникалары қойылды. Отандық фермерлердің назарына жұмыстың сапасын арттыратын инновациялық құрал-жабдықтар ұсынылды. Жалпы бүгінгі күні еліміздегі агротехникаларының паркі 70 пайызға тозған. Ауыл шаруашылығы министрлігі оны алдағы уақытта жаңарту міндетін алға қойды. Қазір «инвестициялық субсидиялау» жобасы жобасы әзірленіп жатыр. Ол шаруалардың ісін ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Азат Сұлтанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Көрмеде байқағанымыздай, ауыл шаруашылығы техникаларының түр-түрі бар. Өткен жылмен салыстырғанда биыл олардың бағасы айтарлықтай төмен. Кейбір тауарлардың құны 40-50 миллион теңгеге дейін арзандаған. Оған Үкімет ықпал етті десек болады. Сондықтан шаруалар үшін қазір барлық инновациялық техника қолжетімді болып тұр.
Шолпан Қожабаева, көрменің ұйымдастырушысы:
- Көрме осымен 14-рет ұйымдастырылып отыр. Биыл оған 27 елден келген 300-ден астам компания қатысуда. Әр ел ауыл шаруашылығы саласына өз үлесін қосып жатыр. Бұл халықаралық көрменің қазақстандық фермерлерге берері мол деп айта аламыз.