Шекара бойындағы саудаға серпіліс керек
Қазақстан мен Қытай арасында бес шекаралық пункт, екі теміржол өткелі бар және үшіншісін ашу жоспарланып отыр.
"Бір белдеу бір жол" халықаралық ынтымақтастық форумы аясында орталық деңгейдегі шешімдермен қатар өңіраралық, трансшекаралық байланыс тақырыбының талқылануы маңызды. Қоғамдық даму институтының сарапшысы Олжас Бейсенбаев шекара бойындағы саудаға әлі де қосымша серпіліс беруге болады деп есептейді. Ал күні кеше мемлекет басшысының қатысуымен Қытайда "Бір белдеу, бір жол" халықаралық ынтымақтастық форумы өтті. Биыл оған 152 мемлекет, 31 халықаралық ұйым қатысты.
Олжас Бейсенбаев, қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:
- Біз білеміз екеуара саудадағы көрсеткіштерде 5-7 млрд доллардан бізде алшақтық бар. Алшақтықты тоғыстыру үшін біз сауда-экономикалық көрсеткіштерді әлі де синхронизациялауымыз керек екенін білеміз. Барынша автоматтандыру, электронды коммерцияны дамыту қажет екенін түсініп отырмыз.