Үкіметте ел экономикасын жаңғырту жайы талқыланды
Үкіметте Шымкент және Алматы қалаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы талқыланды.
Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Қатысушылар IT саласы мен ауыл шаруашылығына арналған жабдықтарға салық салу мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, Қазақстанның тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамыту шараларын қарастырды.