Чувашиямен сауда айналым 35 пайызға артты
Қазақстанды Республика күнімен ресейлік саясаткерлер де құттықтап жатыр.
Чувашия Республикасының басшысы Олег Николаев екіжақты қарым-қатынасты одан әрі арттырғысы келетінін жеткізді. Қазақстанның бұл өңірмен экономикалық ынтамқатстығы артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы жарты жылында екіжақты сауда айналымы 35 пайызға өскен.
Олег Николаев, Чуваш Республикасының басшысы:
- Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтаймын. Еліңіздің одан әрі қарқындап дамуына тілектеспін. Қазақстан алда әлі талай биік белестерді еңсеретініне сенімдімін. Біз болашығмыздың жарқын болуы үшін бар күшімізді салуымыз қажет.