Ойын бизнесіне салық ұлғаяды
Ойын бизнесіндегі корпоративтік салық 25-30 пайызға дейін көтерілмек.
Бұл туралы Сенаттағы, Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. Жаңа Салық кодексінде қосымша құн салығын да, өсіру жоспарланып отыр. Яғни оның мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға дейін ұлғаяды. Осылайша бюджетке түсетін сома 2,4 трлн теңгеге дейін артады деп күтілуде. Министрдің сөзіне сүйенсек, ставканың өсуі ең алдымен импорттық тауарларға қатысты болмақ. Нәтижесінде отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. Сонымен қатар жаңа заңда, алкогольді өнімдер мен сән-салтанат бұйымдарына салынатын салық мөлшерін көтеру мәселесі қарастырылуда.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Дивидендтерге акцияларға үш жылдан астам мерзімге иелік еткен кезде 5 пайыз, ал акцияларға үш аз иелік еткен кезде – 15 пайыз. Сыйақылар мен құн өсімі үшін 10 процент. Бұдан басқа Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде келісімдерді іске асыру үшін темекі өнімдеріне акциздер ставкаларын кезең кезеңімен арттыру ұсынылады. Сондай-ақ сән-салтанат заттарына қосымша акциз енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.