Сарқылуға жақын мұнай кеніштеріне салықты азайту ұсынылды
Сенаттағы Үкімет сағатында қоры сарқылуға жақын мұнай кеніштеріне салық салуда ынталандыру механизмін қолдану ұсынылды.
KAZ ENERGY ассоцациясының бас директоры Кенжебек Ибрашевтің айтуынша, салық көлемін азайту керек. Яғни инвестор өндіріс көлемін сақтап, кеНіш өмірін ұзартуға қаржы салуы тиіс. Және еңбек ұжымдарының әлеуметтік-тұрмыстық ахуалына жауапкершілікпен қарауға міндеттеледі. Сондай-ақ ол барлау және өндірістік тәжірибе кезінде, жағылатын газ салығын әлемдік бағамен емес, өзіндік құнына қарай белгілеуді ұсынды. Себебі бұл газ, кәсіпорынның қажетіне жұмсалады. Бұдан бөлек маман мұнай экспортының салығы іс жүзіндегі сатылым бағасы мен трансферлік құнына қарай түзілуі қажеттігін атап өтті.