Қазақстанның дербес несиелік рейтингі жаңарды
Moody's халықаралық агенттігі Қазақстанның дербес несиелік рейтингін «Тұрақты» деңгейден «Позитивтіге» көтерді.
Бұған ел экономикасын әртараптандырып, инвестиция тарту мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған реформалар әсер етті. Сарапшылардың пікірінше, экономикалық күйзелістерге төзімділіктің артуы саладағы тұрақтылық пен серпілісті білдіреді. Рейтингті растау орнықты мемлекеттік баланспен, төмен борыштық жүктемеге және шетел валютасындағы елеулі резервтерге негізделген.