«АрселорМитталға» қарасты барлық шахта жұмысын тоқтатты
«АрселорМиттал Теміртауға» қарасты көмір департаментінің барлық шахтасында жұмыс тоқтатылды.
Мамандар шахталарда газдың бар-жоғын тексеріп шығады. Алдын ала болжам бойынша апат 700 метр тереңдіктегі шахта лавасында болған.
Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД басшысы:
- Өрттен кейін шахтада жарылыс болғаны болжанып отыр. Авария болған кезде онда 252 адам болған оның 206 үстіге көтерілген. Қазіргі кезде авариялық құтқару жұмыстары мамандандырылған авариялық қызметінің 10 бөлімшесімен жүргізіліп жатыр.