«АрселорМиттал» мемлекет меншігіне өтеді
«АрселорМитталды» Қазақстан мемлекетінің меншігіне өткізу рәсімінің соңғы заңдық іс-шаралары жасалып жатыр.
Үкімет пен Кәсіпорын арасындағы мәміле туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, «Арселор Миттал Теміртауды» акционерлер құрамынан шығару бойынша келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде қазан айының аяғында аталған кәсіпорынды Қазақстан Республикасының меншігіне өткізу шарттары келісілді. Бұл ақпарат «АрселорМиттал Теміртаудың» қазіргі акционерлері таратқан баспасөз хабарламасымен расталды. Қазір заңдық жағынан рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр. Ол өте жақын арада аяқталады".