Кеншілердің еңбек құқығы сақталады
«АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік Қоғамының меншік құқығын Қазақстан Республикасына тапсыру туралы келісім-шарт аяқталып қалды.
Қазір заңдастыру мәселесі жүріп жатыр. Осы аптаның соңына дейін бітуі керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ айтты.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Тәуелсіз Қазақстан тарихы үшін өте ауыр кезең. Дегенмен, біздің президент Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды басқарып, қайтыс болғандардың туысқандарына мүмкіндігінше көмек көрсетіп жатыр. Оны да ескере кетуіміз керек. Әрине Үкімет өзінің мойнына алып жатқандықтан бұрынғы жұмыс берушінің орындап отқан талаптары сол қалпында қалады. Сонымен қатар бұл жұмыс одан да жақсарады.