Туризм саласына $4 млрд инвестиция тартылды
Соңғы 3 жылда отандық туризм саласына 4 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елімізде жаңа 400-ден астам нысан салынып, 7 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған. Бұл туралы Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев баяндады. Оның сөзінше, аталмыш салаға мемлекеттік қолдау шаралары артқан. Ел ішінде саяхаттайтын Қазақстан азаматтары үшін балалар авиабилеттеріне жеңілдіктер бар. Ал туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін субсидиялар беріледі. Бүгінде 80 елдің азаматы Қазақстанда визасыз жүріп-тұра алады.